Таиландқа демалуға барған отандасымыз қиын жағдайға тап болды

22:31, 2 желтоқсан 2021

© Сурет: pixabay

Карантин кезіндегі шығынды Марина Грушина қалтасынан төлеуге қарсы.

Таиландқа демалуға барған отандасымыздан коронавирус анықталып, қиын жағдайға тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Науқастың қасында кәмелетке толмаған екі баласы бар. Балалардан ПТР сынамасы теріс нәтиже көрсеткеніне қарамастан, барлығын қонақ үйдің бір бөлмесіне карантинге жапқан. Ал оған алматылық келіншек наразы, делінеді Астана телеарнасының жаңалықтарында.

Карантин кезіндегі шығынды Марина Грушина қалтасынан төлеуге қарсы. Оның айтуынша, тур сатып алғанда үш адамға сақтандыруды да қоса алған. Десе де, аталған елдің жауаптылары науқаспен байланыста болған балалардың шығынын сақтандырудан алынбайтынын хабарлапты. Сондай-ақ, Таиланд мемлекетінің заңы бойынша COVID-19-ға күдіктілер 10 күн оқшаулануы керек.

Біздің мұнда жатқанымызға бүгін - үшінші күн. Шығынның қанша болатынын білмеймін. Бұрын осы қонақ үйде болған адамдар 8 күнге 70 000 бат төлегенін айтты. Ол теңгеге шаққанда 1 миллионнан асады. Осы жағдайға байланысты консулдыққа хабарластық. Олар жағдайды бақылауды ұстайтынын айтты. Бүгін ПТР сынамасын тапсырдық. Ол ақылы, 150 000 теңгенің шамасында. Қазақстандық турист Марина Грушина

Туристің сақтандыру қорына не кіреді? Індет анықталған науқасқа қандай көмек көрсетілетінін білу үшін тур ұйымдастыру компанияларына хабарласқан едік. Олардың айтуынша, саяхатқа шыққан азамат міндетті сақтандырудан бөлек ерікті сақтандыруды да қолданса болады. Турмен бірге сатылатын сақтандыруда коронавирус пакеті де қарастырылған. Оны тек COVID-19-ды жұқтырғандар ғана пайдалана алады.

Науқаспен байланыста болған туыстары мұндай жағдайда ақыны өздері төлеу керек болады. Ол жерде мұндай қосымша қарастырылмаған. Не болмаса ерікті сақтандыруды сатып алғанда қасындағы адамдарға да қосымша сатып алу керек. Ал, науқастар сол елдің емдеу хаттамасымен тегін емделе алады

Науқаспен байланыста болған туыстары мұндай жағдайда ақыны өздері төлеу керек болады. Ол жерде мұндай қосымша қарастырылмаған. Не болмаса ерікті сақтандыруды сатып алғанда қасындағы адамдарға да қосымша сатып алу керек. Ал, науқастар сол елдің емдеу хаттамасымен тегін емделе алады. Тур ұйымдастыру мекемесінің директоры Шухрат Насыров

.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!