Таиланд ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді дайындалып жатыр
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық аясында Бангкокте «Қазақстан және «ЭКСПО-2017» брифингі өтті.
Брифингке Таиландтың мемлекеттік органдарының, ұлттық компаниялардың басшылары және 40-тан астам жетекші БАҚ өкілдері қатысты.
Таиландтың энергетика министрі Анантапорн Канджанарат алғашқы сөзді алып, Таиланд павильонының тұжырымдамасымен таныстырды. Ол Таиланд үкіметінің 2017 жылдың ең маңызды шараларының біріне дайындығы барысы туралы айтып берді.
«Қазақстан таңдаған «Болашақтың энергиясы» тақырыбы барлық адамзаттың болашақ ұрпақ үшін өзекті мәселелерін көрсетеді. Сондықтан Таиланд биоэнергетиканы жаһандық дамытуға өз үлесін қосып, Астанада жаңартылатын энергия көздері саласындағы өз әзірлемелерін көрсетуге ниетті», – деп атап өтті ол.
Қазақстан Республикасының елшісі Марат Есенбаев өз сөзінде Астана көрмесіне дайындық барысымен таныстырып, «ЭКСПО-2017» көрмесінің негізгі кезеңдері туралы айтып берді және журналистер мен бизнес өкілдерін іс-шараға белсенді қатысуға шақырды.
Сондай-ақ іс-шара аясында М.Есенбаевтың Таиландтың Коммерция министрлігінің, Инвестициялар палатасының өкілдерімен кездесуі өтті.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:42, 17 сәуір 2024
Ақтөбе облысының прокуратурасы бюджет қаражатының заңсыз жұмсалғанын анықтады
-
22:28, 17 сәуір 2024
Астанада адам саудасымен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды
-
22:23, 17 сәуір 2024
Алматыда лай көшкіні жүріп, жолды бүлдірді
-
22:15, 17 сәуір 2024
«Бес бала уланды». Талғар ауданындағы мектептердің бірінде сырлау жұмысы жүргізілген
-
21:55, 17 сәуір 2024
Үндістаннан Қазақстанға әкелінген тырысқақ ошағының көзі жойылды