Тағы да көне жәдігерлерді талқандау оқиғасы тіркелді. Бұл жолы Павлодарда

15:48, 15 маусым 2021

© Сурет: instagram.com

Әлеуметтік желіде Кемпіртас маңындағы көне молалардың бұзылғаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның видеосы Instagram желісіндегі парақшасына ҚР еңбек сіңірген туризм инструкторы Марина Кәрімова орналастырған.

Сенбі 12 маусымда экскурсияға келсек, тастардың шашылып, қабір бұзылғанын көрдік. Ғасырлық тастарды тепкені көрінеді. Экскурсия кезінде мұндайды істеу мүмкін емес, демек, адамдар бұған арнайы машинаға мініп келген, - дейді Марина Кәрімова.

Pavlodarnews.kz мәліметі бойынша, жақын арада ғалымдар студенттермен бірге некропольді қалпына келтіруге тырысады. Алайда болашақта мұндай келеңсіздік орын алмағаны үшін бұл жерді қоршап, абаттандыру қажет.

Аудан әкімі Қанат Кәрімов бұл идеяны қолдап, жақын арада бұл жұмыс қолға алынатынына уәде берді.

Айта кетейік, 3,5 мың жылдық тарихы бар бұл молалар 20-ғасырдың 80-жылдары табылды.

Ғалымдар тарих және мәдениет ескерткіштерін бұзғандар әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертуде.

Тақырыпқа орай: Алматы облысында көне жазбаларға толы тау сілемін екі компания бөліп алып, талқандап жатыр


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!