Сырттан келгендер Қазақстан төлқұжатын 200 мыңға сатып алуға дайын

09:11, 6 мамыр 2021

© Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Алматы облысында "азаматтық жасатып беремін" деп сан соқтырған алаяқ ұсталды. Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары кезекті алаяқтық дерегін ашты, деп хабарлайды zakon.kz.

Көктөбе ауылының 24 жастағы тұрғыны Еңбекшіқазақ АПБ кезекші бөліміне арызданып, өзінің арызында 2020 жылдың маусым айы мен тамыз айының аралығында өзінің танысына Қазақстан Республикасының азаматтығын жасатып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 200 000 теңгесін иемденген азаматқа қатысты шара қолдануды сұраған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті, 24 жастағы Есік қаласының тұрғыны анықталып,ұсталды. Жауап алу барысында ол өз кінәсін толығымен мойындады.

Аталған дерек негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!