Сыроежкинді 10 жылдан кейін қайтеміз? Космосқа ұшырып жібереміз бе

16:28, 15 қазан 2019

Сот 10 жылға бас бостандығынан айырылған Сыроежкинді жазасын өтеп болған соң Қазақстан азаматтығынан айыру туралы үкім шығарды.

Түрмеден шыққан соң ел аумағынан шығарылатын болды. Сосын бес жыл бойы оның Қазақстан жеріне кіруіне тыйым салды.

Осы жайтқа байланысты желіде Мұрат Әбенов кәдімгідей ойланып қалды.

– Қазақстан азаматтығынан айырып, ел аумағынан шығарамыз дейді. Мен ұқпай отырмын. Оны қайда, кімнің жеріне шығарып жібереміз? Азаматтығы жоқ адамдар жүре алатын иесіз жер ба ма өзі, - деген сауал тастайды ол.

Егерәки онда Ресей азаматтығы бар десек, онда "Отанына опасыздық жасау" бабымен оны соттай алмас едік.

Желідегі комментаторлар Сыроежкин Қытайға кететін шығар деп топшылайды. Біреу тіпті ғарышға ұшырып жіберейік деген ұсыныс айтады. Бірақ оны ғарышқа ұшыру ақысын кім төлеп беретіні белгісіз.

Әлемде азаматтығы жоқ тұлғаларды, оның ішінде сот шешімімен азаматтығынан айырылған және ел аумағынан шығарылуға жататын апатридтерді қабылдайтын мемлекеттер бар. КСРО заманында советтің азаматтығынан айырылған диссиденттерді батыс елдері қабылдаған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!