Сыбайластыққа қарсы күрес агенттігінің қоғамдық кеңесі құрамына кімдер өтті

14:56, 20 қыркүйек 2021

© Сурет: ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қоғамдық кеңесі құрылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның құрамына мына қоғам белсенділері енді:

- ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл;
- ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым;
- "М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ университеті" АҚ басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев;

сондай-ақ бірқатар қоғам қайраткерлері мен ғалымдар: Мұрат Әбенов, Исидор Борчашвили, Марат Башимов, Кәкімжан Бишманов, Айнұр Сәбитова, Мэлс Семғалиев, Ербол Өстеміров.

"Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ басқармасының төрағасы Дархан Қыдырәлі қоғамдық кеңестің төрағасы болып тағайындалды.

Қоғам мүшелері агенттік қызметінде болып жатқан барлық процестерге белсенді қатысатын болады. Оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау мен мониторинг жүргізу, әртүрлі жобаларды іске асыру және Antikor орталықтарының жұмысына ат салысу міндеті жүктеледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!