Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы қайтыс болды

09:38, 4 наурыз 2021
607

© Сурет: агенттіктің баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы Төлеген Байғұлов коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы хабар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

"Иманды болсын! Қайтпас қайсар, патриот жан еді. Бүгін сұмырай COVIDтен қоғам белсендісі, Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы, республикалық Адалдық алаңы кеңесінің жетекшісі, досымыз Төлеген Байғұлов бақилық болды! Жаны жаннатта болсын", деп жазды ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!