Студенттерге арналған жатақханалардың құрылысына 118 млрд теңге бөлінеді

15:15, 15 наурыз 2018

Студенттер үшін салынатын жатақханалардың құрылысы оқу бағасына әсер етпейді, деп хабарлайды Хабар 24.

Мемлекет басшысының бастамасын жүзеге асыру үшін бюджеттен 118 миллиард теңге қарастырылған. Дегенмен бұл қаражат бірден бөлінбейді. Яғни құрылысқа қажет қаржы жыл сайын кезең-кезеңімен жұмсалады. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Сондай-ақ вице-министр жатақханалардың құрылысы мемлекеттік жеке кәсіпорындар арқылы емес, мақсатты сипатта жүретін болса, шығын әлдеқайда көбейетінін айтады. Айта кетейік, студенттер үйін оқу орындары мен жеке компаниялар тұрғызады. Ал кейін мемлекет жұмсалған шығынды өтейді.

– Мемлекет жауапкершілікті өз мойнына алады. Яғни жұмсалған шығынның орнын толтырамыз. Жоғарғы оқу орны алған несие көлемі есептелетін болады. Ал бұл бөлінетін гранттар мен оқу бағасына кері әсерін тигізбейді, - дейді ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!