Столтенберг НАТО және Украинаға қатысты сауалдарға жауап берді

23:49, 30 қыркүйек 2022
207

© Сурет: nato.int

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаның НАТО-ға мүшелікке қабылдауын сұрап, жолдаған өтінішіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Столтенбергтің айтуынша, Еуропадағы кез келген демократиялық мемлекет НАТО-ға ену үшін өтініш беруге құқылы. "Ал Украина одаққа жеделдетілген тәртіппен енуі мүмкін бе" деген сұраққа ол нақты жауап бере алмады.

НАТО-ның есігі әрдайым ашық дегенді қайта-қайта айтып келеміз. НАТО-ның одақтастары биыл Мадридте кездесіп, Украинаның өз жолын таңдау және қандай қорғаныс альянсына мүшелікке өтуі керектігі бойынша шешім қабылдау құқығын қолдайтындығымызды нақты мәлімдеген болатынбыз. Әрине, мүшелік туралы шешімді барлық 30 мемлекет бірдей қабылдауы керек. Қазір біз Украинаға Ресей шапқыншылығынан қорғануға көмектесу жағына көп көңіл бөлудеміз. Бұл - біздің басты мақсатымыз. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг

Столтенберг Владимир Путинді Украинадағы қақтығысқа жауапты деп атады, сондай-ақ бұл әскери-іс-қимылдарға нүкте қою Путиннің еншісінде екендігін де ескертті. "Егер Украина соғысуды тоқтатса, онда ол егемендігінен айырылады", - дейді Бас хатшы.

Брюссельде сөйлеген сөзінде НАТО Бас хатшысы Киевке жан-жақты қолдау білдіруге ниетті екенін, НАТО Зеленский Үкіметінің іс-әрекетін ары қарай қолдауды жалғастыратынын айтты.

Украинаның НАТО-ға жеделдетілген тәртіппен кіруге өтініш жолдағаны туралы 30 қыркүйекте ел президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!