«Сөз беремін, мен енді өзгеремін»: Төреғали Төреәлі халықтан кешірім сұрады

09:59, 19 ақпан 2018

Былтыр желтоқсан айында Павлодарда концерт өткізіп, залда отырған көрермендердің бірін балағаттаған Төреғали Төреәлінің басына үйрілген қара бұлт әлі сейілген жоқ. Отандық радиолар оның өлеңдерін қоюдан бас тартса, Павлодар облысының билігі бұдан былай бірде-бір концертке «Ұлы дала баласын» шақырмаймыз деп шешті. Тыңдармандарының да біразы одан теріс айналған, деп жазады Sn.kz.

Өзінің сахнада тұрып бейәдеп сөздер айтқанын енді түсінсе керек, әнші кеше халықтан кешірім сұрап, мұнысын өзі бір шумақ өлеңге сыйдырды. Сөйтті де, өлеңін Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы оқырмандары мен тыңдармандарына жолдады.

«Сөз беремін, мен енді өзгеремін
Отаным жоқ өзіңнен өзге менің.
Төз дегенің, еліңнен оз дегенің,
Сол менің көздегенім.
Кешірім сұрағаным
Өз арым, өз беделім!», - дейді танымал әнші.

Төреғалидың кешірім сұрауын талқылағандар саны өте көп. Бір тарап оның бұл әрекетін нағыз жігіттік деп таныса, өзгелері оның өзгергеніне сенбей, "тәкәппар" деп айыптап жатты. Тіпті, әншінің иегіндегі бір уыс сақалға тиіскендер де табылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!