Соттың санкциясымен Перизат Қайраттың мүлкі қамауға алынды
© Сурет: Instagram/01pk
ҚМА қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еске сала кетейік, ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін, сондай-ақ Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде.
"Соттың санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы "Akbulak Riviera", "Highvill Ishim Gold", "Көк Жайлау" (тұрақ орындарын қоса алғанда), "Sensata Plaza" ТК, сондай-ақ "Vela Village" коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдері қамауға алынды". ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Сондай-ақ, Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т. б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелері табылып, тәркіленді.
"Тәркіленген мүлік заттай дәлелдемелер ретінде танылып, іс материалдарына қосылды",- делінген ақпаратта.
Тәркіленген заттар бойынша сол анықтайтын болады. Тергеу жалғасуда.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
"Егер сіз Перизат Қайраттың қаражаттың, жылжымайтын мүліктің және басқа да мүліктің (оның ішінде үшінші тұлғаларға ресімделген) орналасқан жері туралы ақпаратты білсеңіз, Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе +7 (7172) 70-84-78, 70-84-79 (қосымша нөмірі: 21384) телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Бұған дейін
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:25, 13 желтоқсан 2024
Гукеш Доммараджу Каспаровтың рекордын жаңартты және 18 жасында шахматтан әлем чемпионы атанды
-
15:12, 13 желтоқсан 2024
Тоқаев энергетика саласы қызметкерлерін марапаттау туралы жарлыққа қол қойды
-
15:00, 13 желтоқсан 2024
Өзбекстандық боксшы иығынан тістеп алған Абылайхан Жүсіпов Азия-2024 чемпионы атанды
-
14:49, 13 желтоқсан 2024
Шерзат Полаттың өлімі: Алматы облысының әкімі қазақстандықтарға үндеу жасады
-
14:19, 13 желтоқсан 2024
Астанада дүкеннен ұрлық жасаған күдікті анықталды