Сот Жомарт Ертаевтың түрмедегі мерзімін қысқартты

17:45, 14 мамыр 2021
361

© Сурет: Inbusiness.kz

Бұрынғы банкир Жомарт Ертаевтың жазасы жеңілдетілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қалалық сотында апелляциялық тәртіппен Жомарт Ертаевқа, Bank RBK қызметкерлеріне және бірқатар адамдарға (барлығы 37 сотталған) қатысты мүлікті жымқыру (ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бап, 4-бөлім, 2-тармақ), қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы), банк ақшасын қасақана қайтарымсыз несие беру үшін заңсыз пайдалану (243-бабы) және өкілеттіктерін асыра пайдалану (1997 жылғы Қылмыстық кодексінің 228-бабы) фактілері бойынша қылмыстық іс қаралды

Қазылар алқасы бұл істі қарап, келесі қорытындыға келді:

- Сот Ертаевтың (Bank RBK басқарма төрағасының кеңесшісі) қасақана қайтарымсыз несиелер беру арқылы банк ақшасын ұрлау схемаларын жоспарлап, ұйымдастырғанын, Ибрагим (Ертаевтың танысы) қайтарымсыз несие беретін компаниялар мен жеке адамдарды іздеп, тауып беріп отырғанын анықтады. Несиелік комитеттердің мүшелері, Басқарма, Bank RBK корпоративті хатшысы құжаттар пакеті мен кепілзаттың толық пакеті болмаған өтінімдер бойынша оң шешім қабылдап, қарыз алушының төлем қабілетсіздігіне көз жұма қарап, оның мүмкіндігін жоғары бағалады. Қарыз алушылардың төлем қабілеті жоқ екенін біле отырып, олар Банк мүддесіне қаршы қайтарымсыз несиелер беруге дауыс берді.

- Сотталушылардың кінәсі өздерінің, куәгерлердің мойындау мәлімдемелері және Ұлттық банктің қорытындылары арқылы дәлелденді.

- Сонымен бірге, апелляциялық инстанция 13 сотталушының келтірілген шығынды, оның ішінде Мажиновтың - 4,9 млрд теңге көлемінде шығынды толық өтегенін анықтады. Кейбір сотталушылар тергеуге көмек көрсетті. Ертаев пен Ибрагим кінәсін мойындады, тергеумен бірге жұмыс істеді, жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар жоқ. Олар келтірілген шығынды ішінара өтеді.

Сонымен қатар сот зардап шеккен тарап барлығынан жазаны жеңілдетуді сұрағанын атап өтті.

Осыған сүйене отырып, қазылар алқасы 13 сотталушыға шартты жаза қолданды, Мажиновқа - 7 жыл, Ертаевқа - 9 жыл, Ибрагимге - 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, бастапқы мерзімдері қысқарды. Сот шешімі заңды күшіне енді, - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

2020 жылдың қарашасында Алматыда экс-банкир Жомарт Ертаевқа үкім шығарылды. Ол Bank RBK-тен 144 миллиард теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған 10 жылға банктік және қаржылық қызметпен айналысуға тыйым салынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!