Соңғы жылдары 7 мыңнан астам қызылордалық баспаналы болды

17:23, 8 қараша 2018
400

Сыр өңірінің бас қаласы Қызылорда қазіргі күні көркейіп, гүлденуде. Соңғы жылдары облыс орталығында жаңадан бірнеше шағын аудандар бой көтеріп, 7 мыңнан астам қызылордалықтар баспаналы болды деп жазады Қызылорда облысы бойынша zakon.kz тілшісі.

Биыл да осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда, қалада 144,5 мың шаршы метр болатын 1 мың 728 пәтерлік 37 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы салынуда. Оның ішінде жеке инвесторлардың өз қаржысы есебінен 1058 пәтерлік 23 көпқабатты тұрғын үй, мемлекеттік бағдарламалар арқылы 670 пәтерлі 14 көпқабатты тұрғын үйлер құрайды.

Осы уақытқа дейін қала тұрғындарының өз қаражаты есебінен жалпы ауданы 183,3 мың шаршы метрді құрайтын 1425 жеке тұрғын үй құрылысы салынды.

Ағымдағы жылы атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 16 млрд. 751,4 млн. теңгеге жетті, облыста атқарылған құрылыс жұмыстарының 42,9% қаланың үлесінде. Дарияның сол жағалауындағы жаңа қалада республикалық және облыстық бюджеттерден 220 пәтерлік 4 көпқабатты арендалық тұрғын үй мен 240 пәтерлік 4 көпқабатты кредиттік тұрғын үй құрылыстары жүріп жатыр. Бұл тұрғын үйлер жыл соңына дейін табысталады деп жоспарлануда.

Өткен жылы құрылыс компанияларының өз қаражаты есебінен Сырдария өзенінің сол жағалауынан көпқабатты 18 тұрғын үйдің және 320 орындық балабақшаның, «Болашақ» университетінің студенттер қалашығын, Қазақ Орталық Атқару Комитеті мұражайы ғимараттарын сала бастады. Соңғы аталған нысан осы жылдың мамыр айында пайдалануға берілді.

Сондай-ақ келесі жылы осы аумақта 100 келушіге арналған емханасымен қоса 300 төсектік көпсалалы облыстық аурухана, Неке сарайы», 600 орындық мектеп, 500 келушіге арналған емхананың құрылысын салу жоспарлануда.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!