Соларды біртіндеп алып тастасақ – билікке күтпеген кеңес айтылды

10:33, 14 тамыз 2019
357

"Тоқаев мырза қазір біртіндеп өз командасын жасақтап жатыр. Мен президентке кеңесшілерінің де ойына келе бермейтін бір қарапайым ғана кеңес айтсам деп едім", дейді желіде журналист Жолымбет Мәкіш.

Оның ойынша, қалың қазақтың жынын келтіретін жағымсыз адамдарды ақырындап депутаттықтан, басшылықтан алып тастау керек екен.

– Халық ұнатпайтын, әр сөзі әлеуметтік желіде халықтың қарсылығына тап болатын адамдарды министрліктен, әкімдіктен, депутаттықтан, басшылықтан біртіндеп алып тастауы керек, – дейді ол.

Қазір билік халыққа жақындауы керек. Әлгі сүйкімсіздер орындарында отыра берсе, өздерімен бірге билікті де халыққа жек көрінішті қылып бітіреді екен.

– Өздеріне жағымсыз имидж қалыптастырып алған ондай кісілер қызметте қала берсе, билікті де жұртқа жеккөрінішті қылып бітіреді. Қазір билік халыққа жақындауы керек. Ондай адамдарды қызметтен кетірсе, билік өзіне аз да болса жақсы имидж қалыптастырып, халыққа жақындар еді, – деп пайымдайды журналист.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!