Соққыға жығылған кейуанаға қатысты Шымкент қалалық ПД түсініктеме берді

11:52, 18 қаңтар 2021
196

Балаларының туған анасын ұрып-соғуы туралы фактіге қатысты Шымкент қалалық полициясы түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

1950 жылы туған жергілікті тұрғын өзіне өз туыстары қол жұмсағанын айтты. Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі, "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады, - деді полициядағылар.

Шымкентте кейуананы өз қыздары мен күйеу балалары ұрып тастаған. Белгілі болғандай, оған қара шаңырақты бөлісе алмаудан туындаған дау себеп болған. Мұндай қорлыққа шыдамаған әжей өз-өзіне қол салмақ болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!