«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» газ бағасын негізсіз өсірген деген күдікке ілінді

11:10, 13 желтоқсан 2019

Монополияға қарсы орган Ақтөбе облысында газ бағасының өсуіне байланысты "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-қа қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Сұйытылған мұнай газын сату кезінде монополия мәртебесін пайдаланып, бағаны өсіріп белгілеу фактісі негізінде "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-на қатысты тергеу басталды", - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті.

Бұдан бөлек, Ақтөбе облысындағы 8 газ желісі ұйымына (ірі және ұсақ) және 5 жанар-жағар май құю станциясына баға бойынша ауызжаласу белгілерінің байқалуы және газды сатудан негізсіз бас тартуға байланысты ескерту жіберілді.

"Егер бұл ескертуді ескеріп, 10 жұмыс күні ішінде заңсыздық жасаған нарық қатысушылары одан нәтиже шығармаса, онда тергеу басталады", - деп сөзін түйіндейді комитеттегілер.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!