Смайылов КҚК-дағы жағдайға байланысты жедел кеңес өткізді

14:49, 6 шілде 2022

Нұр-Сұлтан. 6 шілде. 7kun.kz – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумы қызметінің уақытша тоқтап қалуына байланысты жедел кеңес өткізді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Кеңес барысында қазақстандық мұнай экспорты шектелуінің теріс салдары мен мемлекеттік бюджеттің шығындарын азайту жөніндегі қажетті шаралар талқыланды. Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы бірқатар тиісті тапсырма берді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей соты экологиялық заң бұзушылықты айтып, КҚК жұмысын бір айға тоқтатқаны белгілі болды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!