СҚО және Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды

14:45, 10 маусым 2019

Алдағы екі күнде СҚО мен Ақмола облысында қатты жел соғады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

11-12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 11 маусымда күндіз, 12 маусымда тәулік бойы кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с, 12 маусымда күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында 11 маусым күндіз, 12 маусымда тәулік бойы найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!