СҚО оқушылары оқулықсыз қалуы мүмкін

17:42, 18 сәуір 2018

Солтүстік Қазақстанның бірнеше ауданының және Петропавл қаласының әкімдігі оқулықтар сатып алуға қажет бюджет қаржысын қарастырмаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Облыстық әкімдіктегі отырыста Айыртау және М.Жұмабаев аудандарына 10 млн теңге, Уәлиханов - 16, Шал ақын - 7, Ғ.Мүсірепов - 12, Қызылжар - 14 және Петропавл қаласына - 30 млн теңге қаржының қажет екендігі анықталды.

«Неге бұлай болды? Бұл жұмыс жаз айларының ішінде жүргізілуі керек. 1 қыркүйекте балаларды оқулықсыз қалдырамыз ба?» - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Білім басқармасының басшысы Гүлмира Каримова оқулыққа қажетті келісім-шарт бұйрығының әне-міне шығатынын және 25 тамызға қарай оқулықтар балалардың қолдарында болатынын айтты.

Аудан әкімдері Қ. Ақсақаловқа сәуір-мамыр айларында оқулыққа қажет қаржыны бөлетіндерін айтып, уәде берді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!