СҚО-ның жаңа прокуроры тағайындалды

12:33, 21 мамыр 2019

Мемлекет басшысының келісімімен ҚР Бас прокурорының 20 мамырдағы бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Тайымбетов Бағбан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Б.Тайымбетов 1963 жылы туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1989 жылы бастаған.

Басшылық лауазымдарда еңбек тәжірибесі мол. Қарағанды, Қызылорда облысы және Алматы қаласы прокурорларының орынбасары, сондай-ақ Жамбыл және Шығыс Қазақстан облысының прокуроры болған.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 27 жылдан астам.

Заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жетістігі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!