СҚО-да жалған евро қағаз ақшасын жеткізу каналының жолы кесілді

15:31, 28 ақпан 2020

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қазақстан Республикасы аумағына 500 евро құнындағы жалған қағаз ақша жеткізетін каналдың жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЭТД қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде жалған ақша өткізумен айналысқан бір топ тұлға әшкереленді. Ұйымдасқан қылмыстық топ ҚР, Ресей Федерациясы және Грузия азаматтарынан құралған.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында РФ азаматына еліміздің аумағында әрі қарай тарату үшін 100 000 евро сомасындағы жалған ақша қаражатының берілгені анықталды.

Тұтқынға алу барысында 2 000 000 теңге, 30 000 ресейлік рубль қолма-қол ақша және жалпы сомасы 68 000 евроны құрайтын 136 жалған 500 евро номиналындағы ақша қаражаты тәркіленді.

Бүгінгі таңда Петропавл қаласының Арнайы тергеу сотының қаулысымен ҚР ҚПК 147-бабына сәйкес күдікті тұлғалар қамауға алынды.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 231-бабының 2 б., 1 т. (санкциясы мүлікті тәркілеумен 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы), 264-бабының 1б. (10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді.

оңғы екі жылда ҚР аумағында жалған банкнота өткізудің 18 фактісі анықталды және жалпы сомасы 266 500 евроны (110 млн. теңгеден аса сомаға тең) құрайтын 500 евро номиналындағы 533 қағаз ақша тәркіленді.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті абай болып, валютаны банктерде чек талап ете отырып, айырбастауды ұсынады.

Егер сіз жалған ақша жасау фактілерін білетін болсаңыз Комитеттің келесі сенім телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: 8 (7172) 708-478, 8 (7172) 709-920.

Жалған ақша жасаушылардың жемтігі болмас үшін 500 евро номиналындағы жалған қағаз ақшаны танып білудің ең қарапайым ережелерін есте сақтаңыз.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!