СҚО-да үш жасар қыз жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Анасы күдікке ілінді

Солтүстік Қазақстан облысында үш жасар қыз жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды zakon.kz.
Ес-түсін білмейтін кішкентай қыз түрлі дене жарақаттарымен 17 қаңтарда балалар ауруханасына жеткізілді.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, баланың анасы денсаулыққа ауыр зиян келтірді деген күдікпен ұсталған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бөлігі 106-бабы, "Кәмелетке толмағанға қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс аясында тергеу әрекеттері жүргізіліп, бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдіктінің бұрын құқық қорғау органдарының назарында болмағандығы анықталды, деп атап өтті құзырлы ведомствадағылар.
22 жастағы жас ана Петропавл қалалық ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:31, 2 наурыз 2021
Талғар аудандық ауруханасындағы түнгі төбелес. Хирургке өшіккен кім?
-
09:21, 2 наурыз 2021
Коронавирус жұқтырушылар саны қайта артып келеді
-
08:51, 2 наурыз 2021
Алматы облысы Алакөл ауданының әкімі ауысты
-
18:36, 1 наурыз 2021
Жамбылда «Алғыс айту» күніне орай «Бейбітшілік пен келісім» жобасы бастау алды
-
17:57, 1 наурыз 2021
Алматыда автобус қаққан бес адамның бірі қайтыс болды
Пікір