СҚО-да үкіметтік емес ұйымдар мәселелері көтерілді

14:52, 16 тамыз 2019
370

2018 жылы СҚО ҮЕҰ Азаматтық орталығының жұмысы аясында ҮЕҰ және СҚО-дағы мемлекеттік бейіндік органдар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Соның барысында олардың өз жұмыстарын жүргізу барысында СҚО-да, әсіресе ауылды жерлерінде ұшырасатын қиындықтарының арасында сарапшылар қаржыландырудың жеткіліксіздігі, әлсіз материалды база, әлеуметтік жобалау мен қызметкерлер біліктілігінің төмендігі және өз кеңселерінің жоқтығы секілді мәселелерді бөліп көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және "Жастар салауатты өмір салты үшін" ЖҚБ "Азаматтық бастамалары қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік грантының аясында облыстағы ауылдық Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру" жобасы жүзеге асырылуда.

Аталған проблемалар негізінен қаржыға келіп тіреледі, яғни, ҮЕҰ пайдаланатын қаржылай инструменттер көбіне мемлекетке арқа сүйейді. Себебі аймақтық ҮЕҰ мемлекетке тікелей қатысы жоқ қаржылай инструменттерді пайдалануды біле бермейді. Дегенмен зерттеу барысында оған деген қажеттіліктің бары анықталды (гранттар, франчайзинг, кәсіпкерлік, демеушілік, қайырымдылық, т.б) Көптеген ҮЕҰ жаңа қаржылай инструменттерді қолдануға ниет білдірген, бірақ оны қалай жүзеге асыруды білмейді.

Сондай-ақ СҚО ҮЕҰ соның ішінде ауалдық үкіметтік емес ұйымдар өз іс-әрекеттерін жүзеге асыруда, көбіне тіркеу барысында жекелеген мәселелермен ұшырасып қалады. Аталған мәселелерді шешу үшін сарапшылар ҮЕҰ-ды тіркеудің қолжетімді ету керек және ҮЕҰ-дың типтік жарғыларын, құрылтайшылар құжаттарының, протоколдар мен үлгісінің бірегей базасын құрып, тегін кеңес беру қызметін жасақтау керек екендігі айтты.

Аталған мәселелерді шешу үшін Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық ҮЕҰ-дың әлеуетін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүйелі түрлі өткізу керек, атап айтқанда ҮЕҰ көшбасшылары мен өкілдеріне үкіметтік ұйым құру үшін методикалық, консалтингтік және кеңес беру қызметін көрсету керек. Соның ішінде мемлекеттік тапсырыстар мен гранттар, сыйақылар және қоғамдық кеңестер, "Атамекен" бағдарламалары туралы мәліметтердің базасын жасау қажет.

Жобаны жүзеге асыру кезінде семинаралар мен тренингтер, тағы сол сияқты шаралар өткізіліп, ақпараттық сайт құрылды, шағын гранттар конкурсы өткізілді, осылардың барлығы ауылды жерлердегі ҮЕҰ-дың күшейуіне әсер етеді.

СҚО әкімі ресми сайтының мәліметінше, (03.08.2018 жағдай ) Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген қоғамдық ұйымдардың жалпы саны - 299.

Қоғамдық бірлестіктер бағыты бойынша мынадай салаларға бөлінеді: әскери-патриоттық -10, әйелдер және гендерлік - 10, сауықтыру-профилактикалық бағытта -15, БАҚ дамыту ұйымдары - 2, мүгедектерді қолдау ұйымдары- 16, мәдениет пен өнер ұйымдары - 3, экологиялық ұйымдар - 16, Білім және ғылым ұйымдары - 17, әлеуметтік қорғау ұйымдары - 29, қоғамдық бастама ұйымдары - 14, балалар мен жасөспірімдер - 64, құқық қорғаушылық - 21, спорттық ұйымдар- 37, шағын және орта бизнес ұйымдары - 16, қайырымдылық - 5; этномәдени - 24.

Статистикамен мына жерде танысуға болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!