СҚО-да скутер мінген жігіт жол апатынан қаза тапты

20:59, 19 қазан 2021

© Сурет: pixabay.com

СҚО-да скутердегі жігіт жол апатына ұшырап, қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметінше, екі жігіт Тайынша аудан орталығында жол апатына түсті.

Қазанның 19-на қараған түні 19 жастағы жергілікті тұрғын “PEDA” скутерін басқарып келе жатып, рөлге ие бола алмай, электр тарату желісінің бағанына соғылған. Нәтижесінде жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. 21 жастағы жолаушысы медициналық мекемеге жүгініп, көрсетілген көмектен соң, үйіне жіберілген.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!