СҚО-да өртенген мешіт ішіндегі Құран кітабы жанбай қалған

09:03, 12 желтоқсан 2018

Солтүстік Қазақстан облысында өртеген мешіттегі Құран кітабы жанбай қалды деп жазады stan.kz.

10 желтоқсан күні Мамлют аудандық мешітінде өрт шыққан. Мешіттегі өрт 100 шаршы аумақты шарпыды. Мешіттің ағаш қабырғалар мен мешіттің төбесі жанып кетті.

Өрттен көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Жалынды 16 адам мен 3 техникалық құрал өшірді.

Бір қызығы жалын шарпыған мешіт ішінде діни кітаптар мен Құран кітабы өртенбеген. Бұл туралы Самат Сапаралының facebook парақшасында жазды.

Мешіт қалпына келуге жарамсыз. Тұрғындар мешітті жөндеуден өткізуге кәсіпкерлер қол ұшын берсе деп отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!