СҚО-да 12 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды

16:18, 25 қыркүйек 2020
148

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мектептердің кезекші топтарындағы коронавирусқа қатысты жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінде КВИ жұқтырудың 12 жағдайы тіркелді, олардың сегізі білім ордаларында, сондай-ақ біреуі балабақшадан анықталды, - деді Қожахметов.

Ол аталған мекемелерде барлық қажетті эпидемиологиялық шаралар қабылданып жатқанын қоса кетті.

КВИ анықталған оқушылармен байланысты тұлғалардың барлығы 14 күнге үй карантинінде болады, - деді министрлік өкілі.

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныптағы 4 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір