СҚО-да 5,5 миллион тоннадан астам астық жиналды

12:35, 22 қазан 2017
450

Келесі жылы Солтүстік Қазақстан облысында 1 млн гектар жерге майлы дақыл егіледі.

Диқандар қауымы осылайша егін шаруашылығын әртараптандырып, шет елдерде жоғары сұранысқа ие өнімді экспортқа шығармақ. Биыл өңірде 5 млн 600 мың тонна астық жиналды. Бұл ел бойынша қамбаға құйылған егіннің 30 пайызы. Диқандар әр гектарынан 18 центнерден астық жинады. Енді ауыл еңбеккерлері көктемгі егіс науқанына дайындалып, жер жырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шаруалар тұқым қорын жаңартуға да баса мән беріп отыр.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

-Елбасының тапсырмасына сай диверсификация жұмыстарының да нәтижесін көріп отырмыз. Былтырғы жылмен салыстырғанда майлы дақылдар 40 пайызға көбірек егілді. Енді келесі жылы 1 млн гектарға дейін жеткізу жоспарымызда бар. Майлы дақылдардың бағасы бүгінгі күні тоннасы 122,5 мың теңге тұрады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!