СҚО-да көшіп келушілерге арнап салынған үйлердің сапасыздығы расталды

12:50, 15 маусым 2021

© Сурет: facebook.com

Мемлекет басшысы биылғы 24 мамырда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген еді, деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

Мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығы туралы сөз болған.

Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша мақалада келтірілген деректер расталды. Үкімет пен облыс әкімдігі анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарымен айналысуда. Аталған бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтарға жол бергені үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметтерінен босатылды. Облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарманың басшысы, сондай-ақ, бес ауданның әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, делінген жазбада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!