СҚО-да қалың қамыс арасында қалып кеткен шопан дронның көмегімен табылды
© Сурет: видеодан алынды
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Қозашар ауылының маңында 1993 жылғы ер адам жылқысымен қалың қамыс арасында қалып кетіп, өздігінен ашық алаңға шыға алмаған. Қиындыққа тап болған оған құтқарушылар көмекке келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар жоғары технологиялы ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланып, адам аяғы жетуі қиын жерлерді зерттеді. Көп ұзамай олар шопан мен оның жылқысын көл жағасынан екі шақырым жерден байқады.
"Абырой болғанда, шопан зардап шекпеген. Ол жылқысымен бірге қауіпсіз жерге шығарылды", делінген хабарламада.
Бұған дейін "Қазәуеқұтқару" тікұшағы санитарлық авиация дәрігерлерімен бірге медициналық көмек аса қажет 2017 жылы туған баланы Атбасар қаласынан облыс орталығы – Көкшетауға шұғыл жеткізгені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 7 желтоқсан 2025
Құтқарушылар алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты үндеу жасады
-
17:35, 7 желтоқсан 2025
Ақмола облысындағы жолда полицей қаза болды
-
17:09, 7 желтоқсан 2025
8 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:46, 7 желтоқсан 2025
IBA аясындағы әлем чемпионаты: бүгін ел намысын үш боксшы қорғайды
-
16:32, 7 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген туралы кітап басылып шықты





