СҚО-да ер адам әйелін атып өлтіріп, артынан өзіне қол салды

19:29, 30 маусым 2022

© Сурет: Zakon.kz

Қанды оқиға туралы осы кезде үйде болған балалар хабарлады. Оқиға орнынан аңшылық мылтық тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі, яғни "Ауырлататын мән-жайлар жағдайында кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қаза тапқан жұптың кәмелетке толмаған үш баласы Балаларды қолдау орталығына орналастырылды.

Оқиғаның негізгі нұсқаларының біріне сәйкес, 36 жастағы ауыл тұрғыны жанжал кезінде әйелін жаралап алған соң өзіне мылтықтан оқ атқан. Алайда тергеу нәтижелері бойынша алда қорытынды тұжырымдар жасалады. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Қылмыстық іс бойынша қажетті сот сараптамаларының кешені тағайындалды. Іс бойынша барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері қолға алынды.

Тергеу барысы облыстық прокуратураның жеке бақылауында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!