«СҚ-Фармация» мен МӘМСҚ басшылары қызметінен кетті

22:13, 10 шілде 2020
462

"СҚ-Фармация" басшысы Берік Шәріп пен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы, елдегі атақты "байлардың" бірі Айбатыр Жұмағұлов қызметінен кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өз атауындағы "міндетті" дегенді алып тастап, енді ӘМСҚ деп аталып кетіпті.

Тоқаев бүгін бұл мекемелердің жұмысын сынаған болатын.

Бүгінгі кеңейтілген құрамдағы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша:

1.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі Бұйрығымен берілген арызы негізінде ҚР Премьер-Министрінің келісімімен "СҚ-Фармация" ЖШС Басқарма Төрағасы Шәріп Б.Ш. қызметінен босатылды.


2.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі Бұйрығымен берілген арызы негізінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕ АҚ Басқарма Төрағасы Жұмағұлов А.Н қызметінен босатылды, - делінеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!