Сіріңке қорапшасына салынған марихуана табылды

11:38, 2 қараша 2018

Қазан айында жүргізілген рейдтік іс-шара кезінде Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында сіріңке қорапшасына салынған өсімдік тектес есірткі заты табылды деп хабарлайды отырар.кз.

Сараптамаға сай тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 4 грамды «марихуана» болып шықты. Бұл жәйт бойынша ҚР ҚК-нің «заңсыз есірткі айналымы» 296 бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізілуде.

Екі күн откеннен кейін тағы бір Келес ауданының тұрғынынан жедел іздестіру барысында есірткі бумасы табылды. Сараптамаға сай есірткі затының жалпы салмағы 90 грамды құрайды.

Қазіргі таңда бұл жәйт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!