Синтетикалық есірткілер сатқан интернет-дүкен анықталды

11:02, 24 маусым 2020
517

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті интернет ойынханалар мен заңсыз тауарлар өткізумен айналысатын интернет-сайттарды анықтауға бағытталған жұмыстар барысында есірткі және психотроптық заттар сатумен айналысқан интернет-дүкенді анықтады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне өтініш жолданып, нәтижесінде ағымдағы жылдың 9 маусымында «интернет-дүкеннің» қызметі ҚР аумағында бұғатталды.

Айта кетерлігі, 2019 жылы Департамент 15 "интернет-ойынхана" және 3 "синтетикалық есіркілер" сатқан 3 веб-ресурсты анықтап, жойған болатын.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, интернет-ресурстардың мониторингісі тұрақты негізде жүргізілуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!