Синоптиктер еліміздің төрт өңірі бойынша ауа-райына байланысты ескерту жариялады

15:59, 24 маусым 2020

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа-райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Хабар-24".

Ақмола облысы

Күндіз 25 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: күндіз 25 маусымда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

25 маусымда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Орал қ.: 25 маусымда найзағай, жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Қостанай облысы

25 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қ.: күндіз 25 маусымда найзағай күтіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!