Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа-райы болжамымен бөлісті

14:57, 23 қыркүйек 2020

Синоптиктер 23-25 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

"Аптаның ортасынан бастап Қазақстанның солтүстігі мен шығысына атлантикалық циклон әсер етуін жалғастырады. Соның әсерінен жауын-шашын жауып, жел күшейеді. Өңірде күзгі салқын ауа-райы сақталады. Аптаның соңына қарай ел аумағының басым бөлігінде ауа райы Батыс антициклонының ықпалында болады. Соның салдарынан жауын-шашын біртіндеп басылады. Елдің оңтүстік-шығысында кей жерлерде үсік жүреді", делінген хабарламада.

Тек еліміздің батысында ғана құрғақ және жылы ауа райы сақталады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!