Симптомы жоқ және ауруы жеңіл жүріп жатқан науқастар қайда қаралуы керек?

16:55, 23 маусым 2020
384

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров коронавируспен ауыратын науқастарды госпитализациялау алгоритмі жөнінде айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Ол бүгіндері Денсаулық сақтау министрлігі науқастарды қабылдау мен емдеу сынды барлық қадамдарды қамтитын егжей-тегжейлі клиникалық хаттама әзірлегенін атап өтті. Бұл - тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдары жиі қоятын сұрақтардың бірі. Ауырлығы орташа және ауыр науқастар стационарға бірден жіберіледі. Симптомы жоқ және жағдайы тым ауырға жатпайтын науқастарды мобильді топтар үйіне барып бақылайды, - деді Надыров.

Симптомы жоқ және ауруы жеңіл жүріп жатқан науқастарды ауруханаға бағыттайтын алғашқы медициналық-санитарлық көмек, атап айтқанда, учаскелік дәрігерлер.

- Диагнозға қатысты барлық мәселе: ПТР тесті немесе компьютерлік томографиясының бәрін жергілікті дәрігермен бірлесіп шешуі керек.

"Науқас өзі есепте тұрған емханаға телефон немесе байланыс орталығы арқылы хабарласуы керек, - деді ол.

Камалжан Надыров сонымен бірге КТ және ПТР тестілеу қызметтері клиника бағытында ақысыз екенін айтты.

- Сондай қызмет көрсетуге жолдама берілсе, науқас бұл қызметтерді ақысыз алады, - деді Надыров.

Оның айтуынша, өкпенің компьютерлік томографиясы өте маңызды диагностикалық зерттеу болып табылады.

- Сәулеге түседі. Сондықтан КТ-ғатүсуге ол адамға бола ма, болмай ма, мүмкін қарсы көрсетілімдері бар шығар, осының бәрін жергілікті дәрігермен бірлесе отырып әзірлеу керек, - деді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!