Шыңғыс Айтматовтың жұбайы дүниеден озды

17:00, 20 сәуір 2021
383

© Сурет: kabar.kg

Марқұм Шыңғыс Айтматовтың жұбайы Мария Айтматова дүниеден озды, деп хабарлайды zakon.kz.

24.kg ақпараттық агенттігі Айтматованың қазасын жазушының атындағы мұражай растағанын жазады. Мария Айтматованың жүрегі ауырған.

Мария Урматқызы 1942 жылы 13 шілдеде Шу облысында дүниеге келген.

Бірнеше күн бұрын жазушының келіні Сабир Айтматова бүкіл отбасының коронавирус инфекциясын жұқтырғанын айтқан еді.

Шыңғыс Айтматов - әйгілі қырғыз жазушысы. Оның "Аспалы көпір", "Жәмила", "Алғашқы ұстаз", "Қош бол, Гүлсары", "Ертегіден соң", "Ерте қайтқан тырналар" сынды әңгімелері, повесть жинақтары, "Жанпида", "Боранды бекет" романдары бар.

Қазақстанда 1999 жылы Айтматов әлемдік әдебиетті дамытудағы айрықша қызметі үшін, қазақ және қырғыз халықтарының мәдениеттерін өзара байыту мен жақындастыруға қосқан үлесі үшін "Отан" орденін алды.

Ол 2008 жылы 10 маусымда Германияның Нюрнберг қаласындағы ауруханада қайтыс болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!