Шымкенттің әскерилері ұрысқа дайын

13:57, 27 қаңтар 2021
1139

Құрлық әскерлерінің 2021 жылға арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес генерал-майор Александр Ашировтың төрағалығымен Бас штаб комиссиясы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің бірінде жауынгерлік әзірлік жағдайына кенеттен тексеру жүргізді, деп хабарлайды Mail.KZ.

Кенеттен тексеру бір аптаға созылды. Осы уақыт ішінде әрбір әскери қызметші атыс, мемлекеттік-құқықтық, медициналық, дене шынықтыру және техникалық даярлық, сондай-ақ әскери топография және әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты оқыту пәндері бойынша нормативтерді, тесттер мен сынақтарды тапсыру нәтижелері бойынша өзінің кәсібилігінен жеке баға алды.

Тексерудің негізгі мақсаты – әскери қызметшілердің оқу кезеңінде алған білімдерінің, іскерліктері мен дағдыларының көлемі мен сапасын, сондай-ақ тылдық қамтамасыз ету, қару-жарақ пен техниканың жай-күйін зерделеу.

Аталған іс-шараның басты мақсаты - білім алушылардың кезең ішінде алған білімдерінің, іскерліктері мен дағдыларының көлемі мен сапасын, сондай-ақ техниканың, қару-жарақтың және тыл қызметінің жай-күйін тексеру болып табылады.

«Бүгінгі таңда кенеттен тексеру – бұл бөлімнің шынайы жауынгерлік дайындығын анықтаудың ең тиімді әдісі, сонымен қатар бөлімдегі істердің қазіргі жағдайын зерттеудің маңызды үлгісі. Жауынгерлік әзірлікті кенеттен тексеру кезінде бөлімшелердің іс-қимылдарын үйлестіру, әрбір жауынгердің өз борышын түсінуі және жүктелген міндеттемелерді шебер орындауы, сондай-ақ командирлердің отты басқаруын ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылады», —  деді коммиссия төрағасы генерал-майор Александр Аширов.

Тексеру нәтижелері бойынша, ауа райының күрделі жағдайларына қарамастан, қойылған тапсырмалар толығымен орындалды. Әскери бөлімнің жеке құрамы «жақсы» деген бағаға бағаланды. Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының комиссиясы жеке атыс даярлығының жақсы деңгейін және бөлімшелердің үйлесімділігін атап өтті.

 

2 сыныпты сержант Мақсат Жақсыбек

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!