Шымкенттің бас ұстазы қызметінен кеткені туралы ақпаратты білім басқармасы растамады
© Сурет: Шымкент білім басқармасының баспасөз қызметі
Желіде Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева жұмыстан босатылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Алайда ведомство мұны растамады. Қаланың бас ұстазы еңбек демалысында екен.
"Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының қызметінен кеткені туралы ақпараттың жалған екенін ресми мәлімдейміз. Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Нұргүл Шамшиева ағымдағы жылдың 15 шілдесінен бастап еңбек демалысында. Жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - деді басқарманың баспасөз хатшысы Ұлжан Төлен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:37, 13 қараша 2025
Алматыда салмағы 700 грамм болған нәресте аман қалды
-
09:29, 13 қараша 2025
Қазақстанның қай қалаларында қолайсыз метеожағдай жарияланды және бұл нені білдіреді
-
09:14, 13 қараша 2025
АӘК тағайындау кезінде азаматтардың шығындарын есепке алу жөніндегі пилоттық жоба ұзартылды
-
09:04, 13 қараша 2025
Тоқаев бірқатар судьяларды тағайындап, қызметінен босатты
-
00:30, 13 қараша 2025
Суға жүзуден ұлттық құрама Ислам ынтымақтастық ойындарын 11 медальмен аяқтады





