Шымкенттік полицейлер көршісінің телефонын қолды еткен азаматты ұстады

16:10, 6 желтоқсан 2021
139

© Сурет: Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

Келтірілген шығын көлемі 160 000 теңгені құрады

Шымкент қаласы, әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өз арызында көршісі «Самсунг А30» маркалы ұялы телефонын қоңырау шалу мақсатында сұрап, белгісіз бағытқа қарай бой тасалағанын жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 160 000 теңгені құрады.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті. Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында арыздануышының көршісі ұсталып, басқармаға жеткізілді. Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!