Шымкенттегі 3 жасар қыздың өлімі: баланың сушиден уланғаны анықталды
Шымкентте үш жасар қыз өлгеннен кейін дәмханада тексеріс жүргізілді. Бүгін аталған тексеріс нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мамандар марқұм бүлдіршіннің анасы интернет арқылы тапсырыс беріп алдырған пицца құрамынан микроб тапты. Аталған микроб ішек таяқшаларында кездесетін бактериялардың протей атты түріне жатады.
"Зиян шеккендер кешкі уақытта интернет арқылы тамаққа тапсырыс берген (суши мен пиццаға — Sputnik). Біз осы тапсырысты орындаған дәмхананы тексердік. "Филадельфия" сушиі жасалған азық-түліктің құрамында ішекте жайылатын бактерия бары анықталды", — деді Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілі.
Сондай-ақ, протей түріне жататын микроб ана мен балада бары белгілі болды. Мұнымен қатар, мамандар үш жасар қыз тамақтанған дәмхананы да тексерді. Бактериялық зерттеу жүргізу үшін пиде, сүт пен бананнан жасалған көктейль және ет алынған еді. Бұл тағамдардың құрамы таза болып шықты. Кейін осы дәмханада жұмыс істейтін бес қызметкерде стафилококк бактериясы бары белгілі болды. Қызметкерлердің екеуі — аспаз, қалғандары — аспаз көмекшісі, ыдыс жуушы және кондитер.
Департамент аталған дәмханада жұмыс істейтін 15 қызметкер және суши мен пиццаны тиісті жерге жеткізіп отыратын 3 адам жұмыстан шеттетілгенін айтты. Олардың медициналық кітапшалары болмаған екен. Сондай-ақ, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуге міндеттелді. Тексеру жұмыстарының нәтижесі ішкі істер органдарына берілді. Дәл қазір тәуелсіз сарапшылар Шымкенттегі инфекциялық ауруханада тексеріс жүргізіп жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, жуырда Шымкент қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде үш жасар қызының дәмханаға барғаннан кейін қайтыс болғаны туралы жазды. 9 қыркүйек күні таңертең анасы мен баласы тоқтамай құсқан. Әйел аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды, ал қызды дәрігерлер аман алып қала алмады. Осы жағдайдан бір күн бұрын анасы мен қызы дәмханада түскі ас ішіп, кейін интернет арқылы суши мен пиццаға тапсырыс берген.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:37, 29 наурыз 2024
Қазақстанда есірткі сатқаны үшін қанша полиция қызметкері сотталды
-
13:19, 29 наурыз 2024
Тараз тұрғыны әпкесінің атына жасырын үш несие рәсімдеген
-
13:00, 29 наурыз 2024
Крокус Сити Холлдағы теракт құрбандарының саны күрт өсті
-
12:43, 29 наурыз 2024
Алматы тауларында ірі қар көшкіні болды
-
12:29, 29 наурыз 2024
Ақтөбе облысының тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды