Шымкенттегі жарылыс салдарынан бір нәресте көз жұмды

© Сурет: Instagram/turkistan_oblysy
Шымкентте жарылыс салдарынан жаңа туған нәресте көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шымкентте Түркістан облыстық №1 перинатальдық орталығының жанында орналасқан жекеменшік дәріхана ғимаратында жарылыс болды.
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жарылыс кезінде перинатальдық орталықта 189 науқас пен 65 қызметкер болған.
Оқиға салдарынан перинатальдық орталықтың бір қызметкері мен бір нәресте (туғанына 18 тәулік болған, салмағы - 790 грамм) көз жұмып, сегіз адам жарақат алды. Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Зардап шеккендер Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына, Шымкент қалалық клиникалық ауруханасына, №2 қалалық ауруханаға жеткізілді.
Жарылыс болған ғимарат "Ауруханааралық 138-ші дәріхана" ЖШС-ға тиесілі екенін айта кетелік. Оның перинатальдық орталыққа еш қатысы жоқ. Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Кейінірек қайтыс болған нәресте үшемнің бірі екендігі туралы ақпарат пайда болды.
Шымкентте жарылыс фактісі бойынша Еңбекші аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері "Адам өліміне әкеліп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптама тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:52, 30 маусым 2022
Шомылу маусымы басталғалы бері Сайран көлінен 8 адам құтқарылды
-
23:24, 30 маусым 2022
«Үй алып беремін». Алаяқ келіншек көптің 20 млн теңгесін алдап алған
-
22:34, 30 маусым 2022
Қарағанды облысындағы жантүршігерлік жол апатына қатысты тың мәлімет жарияланды
-
22:13, 30 маусым 2022
Адам саудасы бойынша айыпталған америкалық рэпер 30 жылға түрмеге тоғытылды
-
21:50, 30 маусым 2022
ОПЕК+ елдері мұнай өндірісінің қазіргі көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдады