Шымкенттегі үшқабатты тұрғын үйде балкон опырылды

23:50, 31 қаңтар 2023

© Cурет: видео скрині

Шымкенттегі үшқабатты тұрғын үйде балкон құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, оқыс оқиға 31 қаңтарда түстен кейін Тәуке хан даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысында болған.


Алдын ала болжам бойынша, бұған қар мен мұздың көптеп жиналуы себеп болған.​ Үйінділер үйдің алдындағы алаңға құлап, құлаған кезде екінші қабаттағы желдеткішке және бірінші қабаттағы ғимараттың күнқағарына зақым келтірген. Төменде адамдар болмаған, зардап шеккендер жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!