Шымкенттегі студент өліміне қатысты екі күдікті ұсталды

15:26, 24 қыркүйек 2022
248

© Сурет: Zakon.kz

Шымкентте бірінші курс студентінің өліміне қатысты екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу амалдарын қолға алды.

Шымкенттегі колледждердің бірінің жатақханасында студенттің көз жұмғаны туралы ақпарат 22 қыркүйекте түнде жедел жәрдем бригадасынан әл-Фараби аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп түскен.

Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі бозбаланы кеудесіне, ал екіншісі иығынан ұрған. Салдарынан бозбала өзін жайсыз сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырды, бірақ дәрігерлер келіп жеткенше жас жігіт бақилық болған.

Марқұмның анасы қайғылы жағдайға колледждегі әлімжеттік әкеліп соққанына сенімді. Оның айтуынша, баласы алғашқы күннен бастап ақша сұрай бастаған. Оны қорқытып, бопсалап, ақша талап еткен, - дейді қаралы ана.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!