Шымкенттегі спорт кешені уақытша стационер ретінде қайта жасақталды

15:59, 30 маусым 2020

Шымкентте жеңіл атлетикалық спорт кешенінде ЖРВИ мен пневмониямен ауырған науқастарды қабылдайтын 450 орындық уақытша стационар ашылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Шымкент қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, маусым айының соңында Шымкент қаласында жұқпалы аурумен ауырған науқастар саны күрт өсті. Пневмониямен ауырғандар 5,8 есеге, ал ЖРВИ-мен ауырған науқастар саны 2 есеге артты. Осы жағдайға байланысты жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалатын тұрғындар саны 5 есеге көбейді. Орта есеппен бір күнде 2100-ден аса шақырту түсе бастады.

Бұл шақыртуларға дәл уақытында қызмет көрсету үшін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасымен жедел түрде провизорлы орындар ашылды. Бүгінде қалада барлық медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған 2870 төсек-орын бар. Оның 650-і жұқпалы ауруханаларға, 2220-сы провизорлы орынға арналған. Яғни, инфекциялық ауруға шалдыққан науқастар үшін орын жеткілікті.

Дегенмен жағдай қалыпқа келсе де, резервтік провизорлы орындар дайындалуда. Кеше жеңіл атлетикалық спорт кешенінен 150 орын дайындалды. Бұл орындар 1 шілде күні 450 орынға жеткізілмек.

Айта кетейік, Шымкент қаласында халықтың денсаулығын нығайту мақсатында күндізгі стационар қызметкерлері демалыссыз қызмет көрсетуде. Ал барлық ауруханалар мен емханаларға дәрі-дәрмек үзіліссіз жеткізілуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!