Шымкенттегі «Самал-1» шағынауданының 3 көшесі карантинге жабылды

14:59, 2 сәуір 2020
473

Шымкенттегі "Самал-1" ықшамауданындағы Қ.Қазиев көшесімен шектесетін үш көше карантинге жабылды, деп хабарлайды zakon.kz Отырар сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырған науқас Н.Тайманов көшесінде тұрған. Осы көшеге жапсарлас жатқан Сәрсенбаев және Сүлейменов көшелері карантинге жабылды.

Аталған көшелерге кіруге және шығуға тыйым салынады. Карантинді аймаққа 7 блок-бекет қойылды.

Абай ауданы әкімдігі мамандарының айтуынша бұл аумақта 70 үй орналасқан.

Қазіргі уақытта карантин аумағындағы тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!