Шымкенттегі мұнай қоймасындағы өрт сөндірілді

10:41, 24 маусым 2017

Шымкент қаласындағы мұнай өнімдері қоймасындағы өрт бүгін таңға жуық сөндірілді. Бұл туралы Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов мәлімдеді.
Департамент бастығының сөзіне қарағанда жалын қоймадағы өзге резервуарларға өтпеген. Өртті сөндіруге жұмылдырылған 35 техника мен 200 адамның көмегімен жалын таңғы 6.40 толықтай ауыздықталған. Бұл жұмыстарға 100 тонна су мен арнайы сұйықтық жеткізген поезд пен әуеден бақылау жүргізген тікұшақтың да көмегі тиген. Жергілікті билік тарапынан үздіксіз су тасымалдаған көліктердің де ықпалы көп болды.
 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!