Шымкенттегі мейрамханадағы атыс: Күдіктілер ұсталды

11:21, 13 тамыз 2020

Шымкентте мейрамханадағы атысқа қатысты күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Elitar.kz атап өткендей, бұл туралы қалалық ПД басшысы брифинг барысында айтты.

- Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қамауға алынған адамдар бар, бірақ тергеу мүддесі үшін басқа ақпараттар жария етілмейді, - деді ол.

"Нехабар" телеграмм-арнасы күдіктілердің полицияға өздері келіп, берілгенін хабарлайды.

10 тамызда "Гранд Прага" мейрамханасындағы атыс кезінде екі адам жараланған. Олардың бірі оқиға орнында қайтыс болды, екіншісі ауруханаға жеткізілді, оған ота жасалып, денесінен екі оқ алынды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) және 287-бабы (Қаруды заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!