Шымкенттегі Достық шағын ауданына газ берілді

18:22, 9 тамыз 2022

© Сурет: Шымкент әкімдігі

Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданының халқы енді газдан тапшылық көрмейді. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті халықпен жүздесіп, атқарылған жұмысты тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылдың желтоқсан айында 46,06 шақырымға газ жүйесі тартылған еді.

Көгілдір отынмен қамтуда АГРС-3 нысанының іске қосылуын күттік. Енді міне, көптен күткен жұмыс толық аяқталып, сіздерге газ беріліп жатыр. Құжаттары дайын үйлерге газ қосылды. Енді қалғандарыңыз да күз басталмай құжаттарыңызды әзірлеп үлгеріңіздер, – деді шаһар басшысы Мұрат Әйтенов.

Шымкент әкімі

Сурет: Шымкент әкімдігі

Жалпы Достық шағын ауданында 2686 үй, нақты 15 750 тұрғын бар. Абонемент саны: 2 625.

Шымкент тұрғындары

Сурет: Шымкент әкімдігі

Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мердігер мекеме «ГХ Шымкентгаз» ЖШС-гі жобаны 957,838 млн теңгеге атқарып, жұмысты мерзімінде аяқтады.

газ

Сурет: Шымкент әкімдігі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!