Шымкенттегі бүлдіршін өліміне не себеп болғаны жарияланды

17:56, 22 шілде 2019
265

Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері 3 жасар қыздың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы тағайындалған сараптама қорытындысы қыз баладан зорлық белгілері табылмағанын нақтылаған.

Бүлдіршін механикалық асфикция салдарынан қайтыс болған.

"Қазіргі уақытта барлық қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сәйкес сараптамалар тағайындалды. Істі прокуратура мен Шымкент қалалық полиция департаментінің басшылығы өз бақылауына алды", - делінген хабарламада.

Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне қарай,ҚР Қылмыстық-процессуальдық кодекстің 201-бабына сәйкес, жария етілмейді.

Айта кетсек, Шымкентте Застенный көшесіндегі қараусыз көлік тұрақтарының бірінен үш жасар қыздың мәйіті табылған болатын. Бала өзі тұратын жатақханадан 500 метрден жерден табылған. Ол аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!